СҚО-да Есіл өзені тасып жатыр
Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені тасып жатыр. Мамандардың айтуынша, мұндай құбылыс қараша айында бұрын-соңды болмаған. Өзен суы Ғабит Мүсірепов ауданында орналасқан Бірлік және Нежинка ауылдарын жалғап тұрған шағын өткелді бұзып өткен. Тұрғындар балама жол арқылы қатынауда. Биыл Есіл деңгейі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жарты метрге жоғары. Мамандар бұны көктемгі тасқын кезінде жиналған су және жаз бойы толастамаған жаңбырдың әсерінен болғанын айтады.
Дәурен Қосшығұлов, «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының бөлім меңгерушісі:
Қазір Сергеев су қоймасы да тасып жатыр. Деңгейі былтырғы жылдың қараша айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 75 сантиметрге жоғары. Гидрологиялық нысан 101 пайызға толып тұр. Ғабит Мүсірепов ауданында Есіл өзені бір аптада 7 сантимерге көтеріліп, тасып жатыр. Ешқандай қауіп жоқ екенін атап өткім келеді.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00