Алматыдағы халықаралық әуежайы биыл алғаш рет 100 000 тонна өңделген жүкті тасымалдады
Алматы халықаралық әуежайы биыл алғаш рет 100 мың тонна өңделген жүкті тасымалдады. Бұл – өңір логистикасының дамығанының көрсеткіші.
Тарихи межеден асқан компания жыл соңына дейін шамамен 110 мың тонна жүк өңдеуді жоспарлап отыр. Салыстырмалы түрде алсақ, әлемдік деңгейдегі әуежайлардың өзі жүк тасымалдау көрсеткішін жылына шамамен 5 пайызға ғана өсіре алады. Ал мегаполистегі аэропорт өнімділікті жылына 30 пайызға дейін арттырған. Мамандар мұнымен тоқтамақ емес. Енді инфрақұрылымды нығайтып, жұмысты автоматтандыруға күш салмақ ниетте.
Гокер Көсе, Алматы халықаралық әуежайының президенті:
Алматы географиялық және коммерциялық хаб ретінде «Жібек жолы» бастамасында маңызды рөл атқарады. Логистика сенім мен жылдамдыққа негізделгендіктен, біз осы талаптарды орындау үшін инфрақұрылымға, автоматтандыруға және жұмыс күшін дамытуға белсенді инвестициялар салып келеміз. Жоспарлар ақырындап жүзеге асып жатыр. Ендігі мақсат - Алматы жүк терминалын 1 миллион тонна жүк өткізуге арналған нысанға айналдыру.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04