Ұлыбританияда Дарраг дауылынан 2 адам қайтыс болып, 300 мыңға жуық отбасы жарықсыз қалды
Ұлыбританияға төнген Дарраг дүлей дауылынан 2 адам қайтыс болып, 300 мыңға жуық отбасы жарықсыз қалды. Елдің метеорологиялық қызметі сирек хабарланатын «Қызыл» түсті ескерту жариялауға мәжбүр болды. Желдің жылдамдығы сағатына 145 шақырымға жетіп, ағаштарды тамырымен жұлып әкетті.
Көлік қатынасы тоқтап, мерекелік іс-шаралар кейінге қалды. Рождестволық жәрмеңкелер мен спорттық шаралар өтпейді. Миллиондаған адамға үйден шықпауға кеңес берілді. Жексенбі кешінде Англия мен Уэльске ең көп қауіп төндірген жел Еуропаға қарай бет алды. Бірақ бірнеше күнге созылған жаңбырдан кейін өзендердегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты елді су басу қаупі төніп тұр.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
23 мыңнан астам су нысаны туралы ақпарат цифрландырылды
03.08.2026, 13:09
Шымкентте талапқа сай келмеген 9 балабақша жұмысын тоқтатты
03.08.2026, 13:08
ШҚО-да екі теміржол вокзалы жаңартылды
03.08.2026, 13:07
Пәкістанда жарылыстан 14 адам қаза тапты
03.08.2026, 13:06
50 елдің азаматтары виза алу үшін кепіл ақша төлеуге міндетті
03.08.2026, 13:05
Жалған медициналық қызмет: Келтірілген шығын 3,5 млрд теңге
03.08.2026, 13:05
Жамбыл облысында 84 мыңнан астам тұрғынды газбен қамтитын жаңа станса салынып жатыр
03.08.2026, 13:04
Стратегиялық маңызы бар үш автожол құрылысы басталды
03.08.2026, 13:03