Бүгін – сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық күрес күні
Бүгін – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні. Осыған орай Алматыдағы Ақпараттық технологиялар университетінде студенттермен кездесу ұйымдастырылды.
Жиынға құқық қорғау қызметкерлері, заңгерлер мен қоғам белсенділері арнайы шақырылған. Олар жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың алдын алу жайын қозғады.
Бармақ басты – көз қысты әрекеттерге қарсы иммунитет қалыптастырудың маңызына тоқталды. Ел экономикасының ілгерілеуіне кедергі фактордың ең негізгісі осы, - дейді мамандар. Сондықтан дендеген дертпен күресу жолын күшейтіп, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі өткізуге мүдделі.
Марат Қалимолдин, «Адалдық алаңы» жобасының жетекшісі:
Оқу орындарында, еңбек ұжымдарында дөңгелек үстелде талқылап, семинар, форум түрінде өткізіп жатырмыз. Басты мақсат – жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01