Алматыда Тәуелсіздік күніне орай көрме өтті
«Егемендік – ел ұраны». Алматыда Тәуелсіздік күніне орай осындай атаумен мерекелік әрі мәдени-танымдық шара өтті. Басты мақсат – еркіндік жолындағы ерлік пен азат елдің тарихын таныту, дейді Мемлекеттік Орталық музейінің қызметкерлері.
Келушілер үшін көрме ұйымдастырылып, фотосуреттер, Желтоқсан оқиғасына қатысты құнды құжаттар мен тарихи оқиға туралы жазылған кітаптар ұсынылды. Мәдени іс-шараға Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас ұлан» мектебі мен «Арыстан» мамандандырылған лицейінің курсанттары арнайы шақырылды.
Төл тарихымыздан сыр шерткен тағылымды көрме өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп, егемендіктің қадір-қасиетін ұғынуға үндейді.
Талғат Тұрысбаев, Жетісу облысының тұрғыны:
Егемендік, еркіндік алу үшін күрестік. Сол сәт, сол уақыт біз үшін бақыт. Қуанышты сәтіміз – біз егемендік алдық, қайғы-қасіретіміз – жастарымыз құрбандыққа кетті. Соның нәтижесі – Қазақ елі жеңіске жетті, тәуелсіздік алды.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01