ШҚО-да жылыту орталығындағы жарылыстан 6 адам жараланды
Шығыстағы Риддер қаласындағы жылыту орталығында бүгін таңға жақын көмір тасымалдау конвейерінде газды ауа қоспасы жарылды. Салдарынан 6 адам зардап шекті. Күйік шалып, жарақат алған жұмысшылар бірден қалалық ауруханаға жеткізілді. Қаладағы қазіргі ахуалды тілшіміз Олжас Керейханнан білсек. Олжас оқыс оқиға қалай болған? Бұл шаһардағы жылуға әсер етті ме? Зардап шеккендердің денсаулығы қалай екен?
Олжас Керейхан, тілші:
Зардап шеккен алты жұмысшының денсаулығын дәрігерлер қалыпты деп отыр. Аяқ-қол, бет-ауыздарын күйік шалған. Алтауы да жансақтау бөліміне түскенімен өздігінен дем алып жатыр. Ал жылыту орталығындағы газды ауа жарылысы дәнекерлеу кезінде болған. Дүмпудің салдарынан ғимараттың көмір қоймасының қабырғасы үңірейіп қалған. Бірақ бұл қазандықтарға еш әсер етпеген. Жылыту орталығы қалыпты жұмыс істеп тұр. Шаһардағы барлық әлеуметтік нысан мен көпқабатты үйлерде жылу азайған жоқ. Оқыс оқиғаны естіген бойда облыс әкімі Риддерге келді.
Ермек Көшербаев, облыс әкімі:
Біз станция директорымен бірге толық аралап шықтық. Жылыту орталығы штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр. Барлық құрал-жабдық орнында. Дегенмен мамандар қайтадан тексеретін болады. Жағдайды толық бақылауда ұстаймыз. Сондықтан риддерліктерден еш алаңдамауын өтінем.
Олжас Керейхан, тілші:
Иә, Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының таратқан мәліметі бойынша зардап шеккен үш азаматты санитарлық ұшақпен Өскеменге, тағы үш адамды Астанға жеткізу туралы шешім қабылданған. Бірақ оларды бүгін алып кетті ме, әлде алдағы күндері апара ма, ол жағы әзірге белгісіз.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04