Қазақстан мен Финляндия ынтымақты күшейтуге ниетті
«Финляндия Қазақстанмен білім саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, ынтымақты арттыруға дайын». Бұл туралы Финляндия парламентінің депутаты Вилле Скиннари мәлімдеді. Саясаткер Фин парламентінде Қазақстанмен достық тобын құрып, еларалық, парламентаралық қатынасты дамытуға күш салып келеді.
Ширек ғасырда қос ел конструктивті саяси диалог пен өзара тиімді сауда, экономикалық байланыс орнатқан. Былтыр екіжақты тауар айналымы 208 млн доллардан асты. Қос ел сандық технология, қоқысты қайта өңдеу, жасыл энергияны дамыту бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ниетті.
Вилле Скиннари, Финляндия парламентінің депутаты, қазақстан-финляндия парламентаралық достық тобының жетекшісі:
Жаһан мың құбылған тұста Орталық Азия елдері, әсіресе Қазақстан қазір әлемдік деңгейде өте маңызды рөлге ие. Елдеріңіздің әлеуеті жоғары. Қос ел халқының игілігі үшін атқаратын істеріміз орасан. Финдер Қазақстанның әр аймағына сапарласа деймін. Бізде қазақстандықтар саяхаттайтын Аяз атаның мекені-Лапландия бар. Білім саласында тәжірибе алмасуымыз керек. Инвестиция қажет. Сол үшін мен Финляндия компанияларына белсенділік танытып, Қазақстандағы мүмкіндікті қалт жібермеуге кеңес берудемін.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16