Атына 65 пәтер тіркеген қазақстандық анықталды
Атына 65 пәтер тіркеген Қазақстан азаматы анықталды. Бұл туралы бүгін Сенатта өткен жаңа Салық кодексін пысықтауға арналған отырыста айтылды. Ұлттық экономика вице-министрінің сөзінше, атына ондаған жылжымайтын мүлік тіркелген азаматтар көп. Бірақ, заңға сәйкес олар туралы мәліметтерді жариялай алмайды. Сондай-ақ елімізде мүлік санын шектейтін заң жоқ екенін еске салды. Тек жаңа кодекске сай оларға салық көлемі ұлғаяды деді. Ал, кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтарға бірқатар салықтық жеңілдік жасалмақ.
Айта кетейік, бүгінде елімізде шамамен 2 млн-ға жуық кәсіпкер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат бар.
Азамат Әмрин, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:
Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандарға енді жеке кәсіпкер ретінде есепке тұрудың қажеті болмайды. Тек табысы бойынша жай ғана алым төлеп отырады. Бізде салық салу нысаны оның табысы болады. Табыстың салық мөлшерлемесі 4 пайыздан аспайды. Бірақ бұл жердегі 4 пайыз салық түрінде алынбайды. Ол өзінің зейнетақы жинағына, әлеуметтік және медициналық сақтандыруына ғана жарна ретінде аударылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01