Үздік жедел жәрдем фельдшерлері марапатталды
Бүгін жедел жәрдем қызметкерлері кәсіби борышын орындау кезінде көрсеткен қайсарлығы мен батылдығы үшін марапатталды. Екі фельдшерге «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі табысталды.
Сондай-ақ, төрт қызметкерге адамдардың өмірін құтқару жолындағы қажырлы еңбегі үшін Құрмет грамоталары берілді. Алты маман Жедел медициналық жәрдем қауымдастығының «Үздік қызметкері» төсбелгісін тақты. Осы жылы жедел медициналық жәрдем бригадалары 7 миллионнан астам шақыртуға қызмет көрсеткен. Ведомство басшысы бұл жылдың ерекше өткенін алға тартып, төтенше жағдайлар кезінде медицина мамандарының қажырлы еңбегі мен ерлігіне алғыс айтты. Солардың бірі - үздік фельдшер атанған Ермек Айменов.
Ермек Айменов, Ақтөбе облыстық медициналық жедел жәрдем қызметінің маманы
Су тасқыны кезінде өте күрделі жағдай болды. Халыққа оңай болған жоқ. Өзім таңдаған маманға өкінбейм. Сол уақытта қолдан келген медициналық, психологиялық тұрғыдан халыққа өз көмегімізді тигіздік. Министрлікке көп-көп рахмет, осылай бізді марапаттап жатқанына.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылтай сайлауының үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
28.07.2026, 20:10
Ертең «Болашақ ойындары 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі басталады
28.07.2026, 20:07
Ертең «Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат өтеді
28.07.2026, 20:07
Желілерді жаңартуға 13 триллион теңге бөлінеді
28.07.2026, 20:05
Әлеуметтік желі арқылы заңсыз контент таратқан 9 стример жауапқа тартылды
28.07.2026, 20:05
Қайтыс болған адамның несиесі кімге жүктеледі?
28.07.2026, 20:05
Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі Петропавл қаласында орналасқан
28.07.2026, 20:04
Қарызды өтеу: Коллекторлардың қызметі өзгереді
28.07.2026, 20:04