Сенат депутаты қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті
Заң шығарушы орган өкілдері халықпен тығыз байланыста болса, ел үшін тиімді шешімдер қабылданады. Бүгін Алматыға сапармен келген сенатор Жанна Асанова қалалық кеңес мүшелерімен кездесуінде осылай деді. КСМ: Тұрғындардың әл-ауқаты, түйіткілді мәселелелері Сенат депутаттарының жіті назарында екенін айтты. Сондай-ақ жиында қоғамдық кеңесте жыл бойы көтерілген тақырыптар талқыланды. Депутат жылды қорытытындылап, алдағы уақыттағы жоспарымен бөлісті. Жалпы жыл басынан бері сенаторлар Үкіметке 67 депутаттық сауал жолдаған. Сондай-ақ үшінші сессия басталғаннан бері 28 заң қабылдады. Жанна Асанова осы жаңа қаулылардың түрлі сала дамуына қалай әсер ететіндігіне тоқталды.
Жанна Асанова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Ол әлеуметтік сала, ол транспорттық мәселелер, ол медицина сұрақтары. Жасөспірімдердің білімі мен балабақшалардың мәселелері мен олардың тамақтары. Негізі сұрақ көп. Ал енді оны бәрін айта бермейсің. Бірақ та осы кездесулердің нәтижесі болып бізге арнайы хаттамамен сауал жазылады. Сол сауал бізге осы қоғамның, біздің қызметке деген тапсырмасы болады. Сол тапсырманың негізінде біз қызметімізді, жұмысымызды жасаймыз.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01