Ел бойынша 30-дан астам адамнан метапневмовирус анықталды
Жалпы ел бойынша, 30-дан аса адамнан осы вирус анықталған. Десе де, Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, метапневмовирус - тұмаудың бір түрі болғандықтан, дүрбелең тудыруға негіз жоқ. Инфекция негізінен ауа арқылы тарайды. Белгілері тұмауға ұқсас: науқасты жөтел қысып, дене қызуы көтеріледі, тамақ ауырады. Жеңіл түрде өткенімен, дер кезінде емделмесе, асқынуы мүмкін. Сондықтан дәрігерлер созылмалы аурулары бар адамдарға сақтанып, халық көп шоғырланатын жерлерге бармауға шақырады. Ал эпидемиялық маусым басталғалы тұмаумен ауыратындар саны күрт көбейген.
Жұмабек Бекенов, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының профессоры:
Біздің Қазақстанда 2001 жылдан бері анықталып, жылма-жыл тіркеліп отыр. Бірақ өте төменгі көрсеткіште. Өте қатты ауруға жатпайды. Аурушаңдық орташа және жеңіл түрде өтеді. Мұндағы қиын контингенттер – 5 жастағы балалар, иммунитеттері төмен және егде тартқан адамдар болып есептеледі.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылтай сайлауының үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
28.07.2026, 20:10
Ертең «Болашақ ойындары 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі басталады
28.07.2026, 20:07
Ертең «Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат өтеді
28.07.2026, 20:07
Желілерді жаңартуға 13 триллион теңге бөлінеді
28.07.2026, 20:05
Әлеуметтік желі арқылы заңсыз контент таратқан 9 стример жауапқа тартылды
28.07.2026, 20:05
Қайтыс болған адамның несиесі кімге жүктеледі?
28.07.2026, 20:05
Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі Петропавл қаласында орналасқан
28.07.2026, 20:04
Қарызды өтеу: Коллекторлардың қызметі өзгереді
28.07.2026, 20:04