Жамбылда жойқын желдің салдарынан 1000-нан аса көлік күре жолда қаңтарылып қалды
Оңтүстік өңірлерде қыс қаһарына мініп, республикалық маңызы бар жолдар жабылды. Жамбылда жойқын желдің салдарынан мыңнан аса көлік күре жолда қаңтарылып қалды.
Данияр Әлімқұл, тілші:
Кеше кешкісін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автодәлізі арқылы жол жүру мүмкін болмады. Тараздан Шымкент шығатын және Алматыға апаратын бағыттар жабылып, мыңнан аса көлік қаңтарылып қалды. Оның 600-ге жуығы жүк көлігі, қалғаны жеңіл машиналар. Жуалы ауданының Шахан асуында қалып кеткен 14 тұрғын учаскелік инспекторлармен Көлтоған ауылына жеткізіліп, туыстарының үйіне орналастырылды. Одан бөлек қар құрсауында қалып кеткен 10-нан аса көлік патрульдік полицейлермен құтқарылды. 100-ден астам полиция қызметкері, қар құрсауында қалған жолаушыларға көмектесіп, кейбірін кері қайтарды. Жуалы ауданының Шахан асуында қалып қойған 14 тұрғын Көлтоған ауылына жеткізілді. Сақшылар қар құрасауынан 10-нан аса көлікті алып шықты. Түркістан облысынан Жамбыл бағытына да жол жабық. Әзірге қашан ашылатыны белгісіз.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08
Қазақстанда буын тіндерін қалпына келтіру технологиясы әзірленіп жатыр
16.09.2026, 10:05
Елімізде су нысандарын жаңартуға француз технологиялары тартылады
16.09.2026, 10:04
АҚШ ғарышқа қару шығарғанын мойындады
16.09.2026, 10:03
Қытайда жанармай бағасы қымбаттады
16.09.2026, 10:02
Ресейде орман өрті өршіп, ағаш өңдеу өнеркәсібі құлдырады
16.09.2026, 10:00
ШҚО-да өртке қарсы құрылғылар орнатылып жатыр
16.09.2026, 09:59
Түркістан облысында дрон арқылы жол ережесін бұзған 100-ден астам дерек тіркелді
16.09.2026, 09:58