Стамбұл қаласында өткен халықаралық көрмеге қазақ кілемі қойылды
Отандық кілем өндіруші компания тұңғыш рет ірі халықаралық көрмеге қатысты. Стамбұл қаласында өткен көрмеге 100 пайыз отандық кілемдер қойылды. 20-ға жуық елден 400-ден аса кілем өндіруші компания қатысқан бұл көрме осы сала бойынша әлемдегі ең ірі көрмелердің бірі.
Бұл жерде өндірушілер өзара танысып қана қоймай, әлемнің әр түкпірінен келген сатып алушылармен де келісім шартбекітеді. Кілем тоқу саласындағы жаңашылдықтармен танысады. Мұндай ірі көрмеге тұңғыш рет қатысып отырған отандық компанияның өнімдері сапасы мен ерекше өрнектері арқылы тұтынушылардың көңілінен шығып, түрлі елден келген адамдар сатып алуға ниет білдірді.
Арсен Дауытов, Ресейден келген тұтынушы:
Біз Магнитогорск қаласынан келдік. Көрмедегі ең әдемі, ерекше кілемдер осы қазақстандық фабриканың кілемдері екен. Енді алдағы уақытта ірі көлемде тапсырыс беруді жоспарлап отырмыз.
Талғат Ысқақов, кілем өндіруші компанияның басшысы:
Қазақ өндірісі, қазақ мәдениеті, қазақтың ұлттық оюы мен ұлттық өнерін біздің Қазақстанда шығып жатқан кілемдер арқылы әлемге танытып, сатылымды арттыруды көздеп отырмыз.
Айдос Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01