Елімізде жалпы қылмыс саны 5,3% азайған
Елімізде жалпы қылмыс саны 5,3 пайызға, ал ұрлық-қарлық 28,3 процентке азайды. Бұл туралы еліміздің Бас прокуратурасы мәлімдеді. Ресми дерекке сай өткен жылы 132 788 қылмыс тіркелген. Оның 36 мыңы ауыр санатқа жатады.
Мақсат Ақкөзова, ҚР Бас прокуратурасының аға прокуроры:
30 593 ұрлық қылмыстары тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда 28,3%-ға төмендеген. Сонымен қатар, 1 641 жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтары тіркелді, өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға төмендеген. 2024 жылы қылмыстық қудалау органдары өндіріспен 75 844 қылмыстық құқық бұзушылықтар аяқтады, ол өткен жылмен салыстырғанда 6,2%-ға көп.
Ал ІІМ мәліметінше, былтыр 3 430 есірткі қылмысы тіркелді. 21 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді. 63 зертхана, 94 есірткі жеткізудің арнасы жойылды. Бұдан бөлек жауапты министрліктің көрші елдермен бірлескен арнайы операциялары сәтті өтіп келеді.
Данияр Мейірхан, ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары:
Қырғыз Республикасының ІІМ-мен бірлесіп, Жамбыл облысында екі сыртқы операция жүргізілді, бұл екі трансұлттық есірткі каналының жолын кесуге мүмкіндік берді. 16 келіден астам гашиш тәркіленді.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Әлем біріншілігінің жеребесі тартылады
05.12.2025, 21:27
Ақтөбеде ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған этнофестиваль өтіп жатыр
05.12.2025, 20:36
«Медиадиалог» сарапшылар клубы құрылды
05.12.2025, 20:33
Жылдың үздік волонтерлері анықталды
05.12.2025, 20:30
Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынды
05.12.2025, 20:28
Дипломдардың деректер базасы құрылды
05.12.2025, 20:26
Сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін квота енгізілді
05.12.2025, 20:21
Ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделе бастайды
05.12.2025, 20:20