Ірі кәсіпорындар Үкімет бастамасын қолдады
Өнеркәсіпке 9 мыңнан астам кадр қажет. Бұл мәселені шешу мақсатында жаңа мамандықтар атласына 75 жаңа мамандық енгізілді. Бизнес-процестерді автоматтандыру үдерісінде 40-тан астам мамандық түрлендірілген.
Сондай-ақ, биыл индустрияландыру картасының 190 жобасы шеңберінде машина жасауда 8 жаңа мамандық пайда болады. Саладағы кадрларды даярлау үшін 284 колледжде дуальды оқыту қолданылады. Оған 700-ден астам кәсіпорын жұмылдырылды. Олар 30-дан астам білім беру бағдарламасын іске асыруда.
Жыл сайын 13 мыңнан астам жас маман тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілмек. Осындай бастаманы еліміздің ірі кәсіпорындарының ұжымы да қолдап, пікір білдіріп жатыр.
Геннадий Зенченко, «Зенченко және К» КС директоры:
Президент міндет жүктеді енді біз, өндірісшілер мен білім берушілер, осыған терең бойлауымыз керек. Себебі оның артында еліміздің болашағы тұр. Шынымды айтсам, бұл тақырып әлдеқашан пісіп жетілген. Біз бір нәрсені түсінуіміз керек - егер елімізді дамытқымыз келсе, оны мектептен бастауға тиіспіз. Міне, біз үшін балаларға насихаттайтын нәрсе ол – еңбек. Қазір жұмысшы мамандардың тапшы екенінен көзіміз жетіп отыр. Жұмысшы мамандығы бізге ауадай қажет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04