Құстарға қамқорлық қажет
Петропавлда құстарға арналған ұя жасаудан сайыс өтті.
Акция «Таза Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылды. Шараға 80-нен адам қатысты. Басым көпшілігі – мектеп оқушылары. Олар ағаш, пластик сынды түрлі материалдардан құстардың ұясын жасап, «Жеңіс» саябағы мен тұғын үйлердің ауласына ілді. Ұйымдастырушылар байқаудың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру екенін атап өтті. Акция қатысушылары грамота және түрлі сыйлықтармен марапатталды.
Бақытжан Әбілев, зейнеткер:
Инстаграмнан конкурстың өтетінін көрдім. Содан кейін мен де қатысайын деп ойладым. Бір апта істедім, ішін жылыттым, іші құстарға жылы болсын деп. Үлкенін істедім да, қызық болсын деп әкелдім балаларға.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мерейлі отбасы – тәрбие мен дәстүр сабақтастығы
07.08.2026, 20:19
СҚО-да егін орағына әзірлік пысықталды
07.08.2026, 20:17
«Болашақ ойындары-2026»: 180 млн қаралым жиналды
07.08.2026, 20:15
Ақкерегешың – ақ жартасқа қашалған тарих
07.08.2026, 20:14
Биыл тұзды көлдерде 6 адам қайтыс болған
07.08.2026, 20:13
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01