Батыс Қазақстан облысында сең бұзған көпір қайта салынды
Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында бұзылған көпір қайта жөнделіп, пайдалануға берілді.
Көктемгі су тасқыны кезінде Деркөл өзеніндегі аспалы көпірге мұз тіреліп, істен шыққан еді. Мамандар сеңді тарқатып, техника көмегімен өткелді көтергенде темір сымдары үзіліп кетті. Сол үшін көпірді бұзуға тура келді.
Кейін Бәйтерек аудандық бюджетінен жөндеуге 40 млн теңге қаражат бөлініп, ауылды облыс орталығымен жалғайтын өткел қайта ашылды. Ұзындығы 110 метр нысанның биіктігі тағы бір метрге көтерілді. Барыс-келістің жеңілдегеніне риза болған ауылдықтар қала жақ беттен көлік тұрағын жасақтап, айналаның абаттандырылғанын қалайды.
Құрманғазы Хайруллин, Октябрь ауылының тұрғыны:
Бізге ауыл тұрғыны ретінде өте жақсы болды. Өзгеше етіп, бір метрге көтеріп істелді, бұл бізге оңтайлы. Енді мұз келсе де, қай уақытта да қорықпай өте береміз. Тек күзде, көктемде балшықтан жүре алмай қаламыз. Соны тегістеп, бұталарды тазартып, осы жерден көлік аялдайтын орын жасап берсе деген өтінішіміз бар.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07
Үстел теннисінен Президент кубогы мәресіне жетті
21.09.2026, 10:06
Таразда 42 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр
21.09.2026, 10:04
Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
21.09.2026, 10:03
Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
21.09.2026, 10:01
Түнгі рейд: Алматыда 500-ден аса жүргізуші жол ережесін бұзған
21.09.2026, 09:59
Қоғам тыныштығын бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
21.09.2026, 09:58