Павлодар облысындағы елдімекендерді су басу қаупі бар
Павлодар облысында 40-тан астам елдімекенді су басу қаупі бар. Сондықтан тасқынға қарсы шаралар биыл ерте басталды. Меншікті тілшіміз қазір бізбен тікелей байланысқа шықты. Болат, былтыр көктемде қарғын су біраз елді мекендерге кіріп, тұрғындарды әбігерге салғаны бізге мәлім. Биыл сол жағдай қайталануы мүмкін бе?
Болат Аманбаев, тілші:
Міне, қыстың райын көріп тұрсыздар. Арқаның ақ бораны салтанат құрып тұр. Оның үстіне күн жылымық болып, Ертіс жылдағыдай тоң болып қатқан жоқ. Өзеннің қос қапталында жылым көп. Сондықтан көктемде қар күрт еруі әбден ықтимал. Осыған байланысты аймақтың төтенше жағдайлар қызметі тасқынға қарсы шараларды ерте бастады. 600 техника дайындалып, 1600 адам қарғын су лап берген жағдайда тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру, апаттың салдарын жою мақсатында алдын ала жаттығудан өтті. Негізі бұл жұмыстар былтыр басталған болатын. 15 елдімекенді айналдыра 20 шақырымдық қорғаныс бөгеті тұрғызылып, су бұратын 5 шақырымдық ор жасалды. Өткен жылы Жалаулы ауылында 6 үй суға кетіп, Ертіс, Успенка, Железинка аудандарында біраз үйлерге су кірген болатын. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда жағдай қайталанбас үшін 40-тан аса арнайы шара өткізіліпті.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Прокуратура күніне орай жасөспірімдер арасында дзюдодан жарыс өтті
06.12.2025, 17:26
«Шапағат–2025» Республикалық өнертабыстар байқауының жеңімпаздары анықталды
06.12.2025, 17:25
Шиелі ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған жаңа тұрғын үйлер ел игілігіне берілді
06.12.2025, 17:25
Шымкентте еліміздегі алғашқы жедел қызметтердің әмбебап кешені ашылды
06.12.2025, 17:24
Кендірлі әуежайының құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.12.2025, 17:23
Әкімдер кәсіптен түскен табыстың бір бөлігін ауыл игілігіне жұмсауды қолдайды
06.12.2025, 17:22
Түркістан облысында 34 инвестициялық жоба іске қосылды
06.12.2025, 17:15
БҚО-да жас ғалым түйе сүтінен балмұздақ жасап шығарды
06.12.2025, 17:10