Ақтөбеде жолда қалған шетелдіктер құтқарылды
Ақтөбеде де күннің аяздығына байланысты оқушылар бірінші ауысымда онлайн оқып жатыр. Қолайсыз ауа райы жолаушыларға да кесірін тигізді. «Самара-Шымкент» тасжолында еліміздің оңтүстігінен Ресейге бара жатқан жолаушылар автобусы бұзылып, 84 адам далада қалды.
Олардың екеуі - Қазақстан, қалғаны Өзбекстан мен Тәжікстан елінің азаматтары. Жүргізуші жағдайдың қиын екенін бірден түсініп, Төтенше жағдайлар департаментіне қоңырау шалған. Құтқарушылар тез арада жетіп, жолаушыларды Құрылыс ауылындағы жылыту бекетіне орналастырды. Сондай-ақ, Қобда ауданында да 25 шетелдік көлік тұрып қалды. Жүргізушісі мен жолаушылар қауіпсіз жерге жеткізілді. Ешкім зардап шеккен жоқ
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00