Лос-Анджелес маңында тағы бір өрт ошағы пайда болды
АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласынан 80 шақырым жерде бүгін тағы бір өрт ошағы пайда болды. Жылдам таралып жатқан тілсіз жау қазірдің өзінде мың жарым гектар аумақты күлге айналдырды. Сол маңда тұратын жүздеген адам әрең жан сауғалап үлгерген. Ал екі аптадан аса жанып жатқан 2 ірі орман өрті әлі толық басылған жоқ.
Дегенмен мамандар өрт ошақтарының негізгі бөлігін сөндіргендерін хабарлады. Қаңтардың 7-сі күні басталған осы екі өрт Вашингтон қаласымен шамалас аумақты шарпып, 28 адамның өмірін қиды. 16 мыңға жуық ғимарат зақымдалды немесе толығымен жойылды. 180 мың адам үйлерін тастап, қауіпсіз жерге кетуге мәжбүр болды. Келген шығын көлемі 250 миллиард доллардан асып кетуі мүмкін.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04