Түркияда қонақ үйдегі өртке қатысты қылмыстық іс қозғалып, 11 адам қамауға алынды
Түркияның Болу провинциясындағы қонақ үйде болған өрттен қаза тапқандардың барлығының аты-жөндері анықталып, денелері туыстарына берілді. Бүгін қайтыс болғандардың мүрдесі жер қойнына тапсырылды. Осы оқиғаға байланысты қозғалған қылмыстық іс аясында 11 адам қамауға алынды. Өртке байланысты соңғы ақпараттармен бөлісу үшін біз Түркиядағы тілшіміз Айдос Әшімұлын эфирге қосамыз. Айдос сіз эфирдесіз.
Айдос Әшімұлы, тілші:
Кеш жарық … Болу провинциясындағы Карталкая тау шаңғысы шипажайында болған өрттен қайтыс болғандар саны 78 адамға жетті. Олардың біреуі шетелдік екені анықталды. Ал жарақат алған 10 адам әлі ауруханада жатыр. Осы оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша Болу губернаторының орынбасары мен өрт сөндіру бөлімінің басшысы тұтқындалды. Олар 2 қаңтар күні осы қонақ үйдің өрт шыққан мейрамханасына өрт қауіпсіздігі толық сақталған деген анықтама бергені белгілі болды. Осылайша бұл оқиғаға қатысты қамауға алынғандардың саны 11 адамға жетті. Бүгін алапат өрттен қайтыс болғандар бүкіл Түркия бойынша жерленді. Бір отбасының сегіз мүшесі, яғни ата-әжесі, баласы мен келіні және төрт немересі осы өрттен қаза тапқан әулеттің жаназасына Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен бірқатар Үкімет мүшелері де қатысты. Ал қазір арнайы комиссия қонақ үй ғимаратын тексеріп, оны толық қирату керек пе әлде жөндеуге келе ме деген мәселені зерттеп жатыр.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04