Бельгияда ұстаздар ереуілдетіп жатыр
Бельгияда ұстаздар қауымы жұмысты тоқтатып, 48 сағаттық ереуіл жариялады. Наразылық акциясының алғашқы күні 30 мыңнан астам мұғалім Брюссель көшелерін жауып, шеру ұйымдастырды. Олар үкіметтің қатаң үнемдеу саясатына қарсы.
Айтуларынша, жаңа оқу жылынан бастап мектептерде оқу сағаты үш пайызға қысқартылып, 500 мыңнан аса ұстаз жұмыссыз қалмақ. Сондай-ақ, ереуілшілер биліктен мұғалімдерге әкімшілік жүктемені азайтуды талап етуде. Наразылық акциясының кесірінен Брюссель мен елдің Валлония аймағындағы бірқатар мектепте бүгін екінші күн сабақ болмады.
Натали Волье, кәсіподақ ұйымының өкілі:
Үкімет біздің ақшамызға қол салуды тоқтатсын. Білімнен үнемдесе, ұрпақты қалай тәрбиелейміз. Оның орнына жағдайымызды жақсартсын.
Эмиль Дюпон, математика пәнінің мұғалімі:
Мұғалім жетіспейді, айлық тым аз, сыныпта оқушы көп. Бар жүктемені ұстаздарға артып қойған. Бұлай жалғаса берсе, елдің болашағы не болмақ?
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04