Көкшетауда жылу қымбаттады
Көкшетауда жыл басынан жылу ақысы тұрғындар үшін 23 пайызға қымбаттады. Енді тұрғындар жылу есептеуіш құрылғысы болса, бір гигакалорийға 2985 теңгеден, ал ондай қондырғылары жоқтар 6 мың теңгеден төлейді. Коммуналдық кәсіпорын басшылығының айтуынша, Көкшетаудағы жылу бағасы солтүстік өңірдегі Қызылжар мен Қостанай қалаларына қарағанда екі есеге жуық төмен. Десе де биыл тарифті көтеруге көмір бағасының 30 пайызға өсуі және оны тасымалдау құнының 9 пайызға көтерілуі себеп болған. Одан қалды Көкшетау еліміздегі жылу электр станциясы жоқ жалғыз қала болғандықтан, электр энергиясына да шығындалады. Ол да өткен жылы 30 пайызға қымбаттады.
Самат Сматаев, «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорнының директоры:
1-ші қаңтардан бастап 2025 жылы тариф өсуі қарастырылған. 23 пайыз тұрғындарға көтеріліп жатыр, 2 бюджеттік ұйымдар үшін, 1 пайыз заңды тұлғаларға көтеріліп жатыр. В обмен на инвестиции дейді ғой, өзіміздің мекемеміздің келесі дайындық жұмыстарын жасау үшін тарифтер қымбаттап жатыр.
Бибінұр Әмірханқызы
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00