Елімізде 1 ақпаннан бастап автогаз бағасы қымбаттайды
1 ақпаннан бастап автогаз бағасы қымбаттайды. Энергетика министрлігі бөлшек саудадағы, яғни автогаз құю станцияларында сатылатын сұйытылған мұнай газының бағасын бекітті.
Ең жоғары баға - Астана, Алматы, Қарағанды қалалары мен Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жетісу, Абай, Ұлытау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында. Мұнда 1 литр газдың құны - 102 тг. Бұған дейін бұл өңірлерде 82-89 тг аралығында саудаланған. Ал Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында - 70-тен 90 теңгеге өсті. Төменгі баға - Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында. Онда сұйытылған газ 77 тг деп бекітілді. Тек Маңғыстау облысында 59 теңгеден 65 теңгеге өзгерді.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27