«Digital Almaty-2025» халықаралық форумы басталды
Алматыда Digital Almaty халықаралық форумы басталды. Жиынға Еуразиялық экономикалық Одақ елдерінің Үкімет басшылары, сарапшылар, жер қойнауын пайдаланушылар, бизнес және ІТ-индустрия өкілдері жиналды. Спикерлер жасанды интеллект саласын жетілдіру бойынша өз тәжірибесімен бөліседі. Форум биыл қай салаға басымдық береді? Қуан Нұрақыннан сұрайық.
Қуан Нұрақын, тілші:
Биылғы шара өнеркәсіптегі түбегейлі өзгерістер мен жасанды интеллектінің жаһандық индустрия келешегіне ықпалына арналады. Қазіргі кезде АІ технологиялары өндірістік процестердің тиімділігі, қауіпсіздігі және тұрақтылығының негізгі драйверіне айналып келеді. Мамандардың айтуынша біздегі цифрлық жүйеге басқа мемлекеттер тарапынан айтарлықтай қызығушылық бар.
Жаслан Мәдиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
Осы жылы форумның ерекшелігі жасанды интелектіге арналған. ЖИ өзіңіз білетіндей, әлемде қазір қарқынды дамып жатыр. Оны әр салада пайдалануға мүмкіндіктеріміз бар.
Қуан Нұрақын, тілші:
Сондай-ақ, цифрлық әлеммен таныстыратын екі күндік шарада жасанды интеллект саласында үздік стартап үшін ауқымды сайыс өтеді. Жиналғандар ІТ-экожүйе саласындағы жобалар туралы тәжірибе алмасып, өнеркәсіптік стартаптар, технопарктер, технологиялық компаниялардың көрмесін тамашалай алады. Айта кетейін жиын жеке инвестиция есебінен өтіп жатыр, дейді ұйымдастырушылар.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00