Ақмола облысындағы Нұрлы елдімекеніне газ берілді
Ақмола облысындағы тұтынушылар кооперативі болып құрылған Нұрлы елдімекені табиғи газға қосылды. Сөйтіп үш жарым мыңнан астам тұрғын экологиялық таза және экономикалық тиімді отынға қол жеткізді. Айта кетейік, бұл Целиноград ауданындағы газға қосылған алғашқы елдімекен. 2025 жылы осы ауданның тағы үш ауылы – Шұбар, Қоянды, Аққайың және Қосшы қаласы көгілдір отынға қосылады. Жалпы «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры құрылысының І кезеңі аясында Аршалы ауданындағы 17 елді мекеннің тұрғындарына газ берілді. Облыс әкімі Марат Ахметжанов газды қосу рәсімінде Нұрлы кооперативіне ауыл мәртебесі берілетінін айтып, жергілікті халықты тағы қуантты.
Марат Ахметжанов, Ақмола облысының әкімі:
Мен білем, сіздердің қандай көкейтесті мәселелеріңіз бар екенін білемін. Талай келдіңіздер маған қабылдауға. Ауыл статусы болмаған соң жол, мектеп салу бәрі ол негіздеме болмағасын мүмкіндік болмады. Енді ауыл елдімекені статусын алғасын мектеп салу жобасын бастаймыз. Әлеуметтік жағдайды, ауылға тиісті қаржыландыру мәселесін шешіп, 400 бала бар мектепке баратын соларға бір жайлы мектеп салып береміз.
Бибінұр Әмірханқызы
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04