«Таза Қазақстан» акциясына 5 мың жас қатысты
Наурызда «Таза Қазақстан» акциясына жастар белсенді қатысты. Бір жылда қала ішін тазартуға 5 мың жас атсалысқан.
Олар әсіресе шаһардағы шағын аудандар мен қараусыз қалған саябақтарды тазартуға үлес қосты. Сол белсенді жастармен эколог мамандар кездесіп, көктемгі маусымға жоспар түзді. Тазалық жұмыстары ақпан айының аяғында басталып, наурызда қайта қарқын алмақ. Енді эко-волонтерлер жасағы су арналарын аршып, арық-атызды «Таза өлке» акциясы аясында тазалайды. Оларға «Жасыл-ел» еңбек жасақтары да көмекке келеді.
Абзал Есіркепов, жастар ресурстық орталығының директоры:
Жастарымыздың ынтасы өте жақсы дегіміз келеді. Өйткені эко-волонтерларымыздың дәл қазіргі уақытта еуропа елдерінде олардың алатын орны ерекше. Дәл қазіргі уақытта біздегі осы жұмыс істеп жатқан жастарымызға түсіндірме жұмыстарын жүргізген кезде де олардың саны күннен күнге артып келе жатыр. Бүгінгі таңда жалпы осы екі айдың ішінде 100-ге жуық волонтерларымыз тіркелді.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркісандық оқушылар робототехникадан халықаралық жарыста жеңімпаз атанды
20.05.2026, 10:00
Димаш Құдайберген Бангладештегі босқындар лагеріне барды
20.05.2026, 10:00
Астанада әлемнің жетекші инженерлері мен өндірушілері бас қосты
20.05.2026, 10:00
Оралда ашық аспан астындағы музей жобасы таныстырылды
20.05.2026, 10:00
Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы
20.05.2026, 10:00
Бейжіңде Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путин арасында саммит басталды
20.05.2026, 10:00
Конгода Эбола вирусынан қайтыс болғандар саны 136-ға жетті
20.05.2026, 10:00
Қазақстан тарихта алғаш рет Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы ассамблеясының А комитетіне басшылық етті
20.05.2026, 10:00