Былтыр адам құқықтары жөніндегі уәкілге 6,5 мыңнан астам өтініш түскен
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесіне 1 жылда 6,5 мыңнан астам өтініш түскен. Орталықтың ақпарынша, мекеме көмегіне жүгінетіндер артып келеді. 2023 жылмен салыстырғанда былтырғы өтініш көлемі 17 пайызға көбейген. Көбіне сот шешіміне, дәрігерлердің салғырттығына, алаяқтарға байланысты арызданған. Өтініштерді қарау нәтижесінде 94 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 5 адамға әкімішілік жаза қолданылған. Ал, сотталғандардан түскен шағымдардың басым бөлігі – медициналық көмектің көрсетілмеуі, өтініштерін қанағаттандырудан бас тартуға қатысты.
Сұлтан Орманов, ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың азаматтық және саяси құқықтар бөлімі меңгерушісінің орынбасары:
Жалпы 2024 жылы 6 748 шағым түсті. Оның негізгі бөлігі сотқа дейінгі тергеп-тексеру заңдылығына қатысты. Содан кейін сотталғандардың құқықтарына байланысты. Кейбір азаматтар сот актілерімен келіспей, шағымдарды бізге жолдап отыр. Содан кейін денсаулық сақтау мәселелері, білім беру мәселелеріне қатысты. Әлеуметтік мәселелерге де қатысты шағымсдар да клепі жатады.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Саябақта қоқыс тастамау – мәдениет белгісі
07.08.2026, 13:25
Қайтарылған активтер есебінен тағы екі мектеп салынып жатыр
07.08.2026, 13:17
Алтынды заңсыз қазып жүргендер ұсталды
07.08.2026, 13:15
Мұқыр–Құлсары тасжолы жөнделіп жатыр
07.08.2026, 13:12
Конституциялық өзгерістер демократияны күшейтті
07.08.2026, 13:10
Трамп азаматтық алу мүмкіндігін шектей бастады
07.08.2026, 13:07
Таиландта мектептегі атыстан 8 адам қаза тапты
07.08.2026, 13:03
Астанада заңсыз тұрған көліктерді эвакуациялау күшейтіледі
07.08.2026, 13:00