Ақтаудағы жекеменшік мектепте дау шықты
Ақтауда «Ғасыр» жекеменшік мектебінің ата-аналары оқу ақысын кері қайтаруды талап етеді.
Айтуларынша, білім беру ұйымында былық көп. Сабақ уақытылы болмайды, мұғалімдер жиі ауысады, ал білікті ұстаздар жалақы алмаған соң, жұмыстан шығып кеткен. Соның салдарынан оқушылардың сабақ үлгерімі төмендеген. Ата-аналар әр балаға бір жылдық оқу ақысы үшін бір жарым миллион теңге төлегендерін айтады. Сондай-ақ олар құзырлы органға шағым түсірген. Жекеменшік мектептің құрылтайшысы мәселені бір апта ішінде шешуге уәде берді.
Айнұр Сейдахметова, қала тұрғыны:
Барлығына 1, 5 миллион ақша төлеңіз, 1 сәуірде алдын ала төлеңіз деді. Біз ай сайын төлейік деп айттық, жоқ, бізде шарт сондай, бір жылға түгел төлейсіңдер, шартқа солай отырамыз деді. Сөйтеді де қараша-желтоқсанда сынып тарап кетеді, кураторымыз кетіп қалады. Менің ақшамды қайтарып берсін. Басқа мектепке барайық.
Якуб Халықбердиев, «Gasyr Liceum» құрылтайшысы:
Қазіргі таңда айлыққа келсек, барлық айлық төленген, біз айлықты маусым айынан бастап төлеп жатырмыз. Мемлекетіміз бізге осы қарашадан бастап төлеп жатыр. Оның алдындағы айға төленген жоқ. Ата-аналармен жиналыс болды, жиналыста барлық есеп берілді. Бұл мәселе, бұйыртса, бір апатының ішінде шешіледі.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00