Стамбұлды қалың қар басты
Түркияның Ыстанбұл қаласында биыл қыстағы алғашқы қалың қар жауды. Ауа райының қолайсыздығынан мектептерде сабақ тоқтатылып, жұмыс уақыты қысқартылды. Көшелерде ұзын-сонар көлік кептелістері пайда болды. Ыстанбұлдағы ауа райы туралы толығырақ бізбен тікелей байланысқа шығып тұрған Түркиядағы тілшіміз Айдос Әшімұлынан білейік.
Айдос Әшімұлы, тілші:
Қар әлі тоқтамай, жапалақтап жауып тұр. Бүгін таңертең басталған қалың қар биылғы қыстың алғашқы қары десек те болады. Себебі бұған дейін бір екі рет қана қар ұшқындап, ол жерге түспей жатып еріп кеткен. Ал бүгін айналаны түгел қар басып қалды. Ауа райының қолайсыздығынан Ыстанбұлдағы 13 ауданның жетеуінде мектептерде сабақ тоқтатылды. Бірқатар мекемеде жұмыс уақытын қысқартып, қызметкерлерін ерте қайтарған. Бұдан бөлек Стамбұлдағы екі әуежайда бірқатар рейстерді кейінге шегерді.
Стамбұлда қар қаншалықты жиі жауады және мұндай қалың қар соңғы рет қашан болды?
Айдос Әшімұлы, тілші:
Жалпы, кейінгі жылдары Ыстанбұлда қыста қар сирек жауатын болған. Мәселен, былтыр қыста қалаға мүлдем қар жаумады. Тек бірнеше рет жаңбыр жауды. Соңғы жылдардағы ең қалың қар 2022 жылы наурыз айында жауып, бірнеше күн бойы қоғамдық көлік жүрісі шектеліп, ұшақтар ұша алмай қалды. Сол кезде мамандар бұл соңғы отыз жылда жауған ең қалың қар деген еді.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04