Атырауда 51 елдімекенді су басу қаупі бар
Атырау облысында бөгеттер нығайтылып, каналдар тазаланып жатыр. Су басу қаупі бар аумақтарда маусымдық гидробекеттер орнатылады. Өңірдегі тасқынға қарсы атқарылып жатқан жұмыстарды әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт жеткізеді.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Облыс аумағында су басу қаупі бар 51 елдімекен анықталды. Онда шамамен 100 мыңнан астам адам тұрады. Аймақта «Қазгидрометтің» 12 гидробекеті жұмыс істеп тұр. Мұнда күніне екі рет су деңгейі, температурасы, мұздың қалыңдығы өлшенеді. Айына үш рет су ағысы тексеріліп, стандартты бақылау жүргізіледі. Енді бұған қосымша қауіпті деп танылған аймақтарда тағы 51 маусымдық гидробекет қойылмақ. Өткен жылы соғылған 590 шақырым бөгет қосымша нығайтылып жатыр. Төтенше жағдайға қарсы 1500-дей адам, 250 шақты техника мен үш тікұшақ әзір тұр. Бұдан бөлек 200 эвакуациялық пункт дайындалған.
Нұрсұлтан, жалпы биылғы көктемге болжам бар ма? Су көлемі қандай болады? Мамандар не дейді?
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Иә, күні кеше ғана мамандар аэровизуалды тексеру жүргізді. Тікұшақпен барлау барысында Қызылқоға ауданына келуі мүмкін судың мөлшерін анықтау үшін жақын маңдағы Ақтөбе облысының аумағы да тексерілді. Жауаптылар Қызылқоға ауданындағы Ойыл, Ноғайты, Сағыз өзендерінен қауіптеніп отыр. Сондықтан басымдық осы өңірлерге берілген.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Прокуратура күніне орай жасөспірімдер арасында дзюдодан жарыс өтті
06.12.2025, 17:26
«Шапағат–2025» Республикалық өнертабыстар байқауының жеңімпаздары анықталды
06.12.2025, 17:25
Шиелі ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған жаңа тұрғын үйлер ел игілігіне берілді
06.12.2025, 17:25
Шымкентте еліміздегі алғашқы жедел қызметтердің әмбебап кешені ашылды
06.12.2025, 17:24
Кендірлі әуежайының құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.12.2025, 17:23
Әкімдер кәсіптен түскен табыстың бір бөлігін ауыл игілігіне жұмсауды қолдайды
06.12.2025, 17:22
Түркістан облысында 34 инвестициялық жоба іске қосылды
06.12.2025, 17:15
БҚО-да жас ғалым түйе сүтінен балмұздақ жасап шығарды
06.12.2025, 17:10