Табиғатпен тілдескен орманшылар
Орманда қарбалас жоқ. Мұнда тыныс-тіршілік бөлек. Өмірін осы салаға арнап, жер байлығын қызғыштай қорып жүрген Түстікбай Шақкөзов осылай дейді. Нағыз еңбек адамы 45 жыл ішінде 200 мыңнан аса ағаш еккен. Оның жасыл желегі ну орманға айналды. Ардагер орманшының ізін қазір ұлы Дәулет Шақкөзов жалғап келеді. Табиғатпен тілдескен қос буынның тіршілігі тілші бейнематериалында.
Түстікбай Шақкөзов, ардагер орманшы:
Әкем ағашқа жақын болды. Біз Нарынқолда тұрдық. Үйдің айналасына неше түрлі ағаш отырғызып тастайды. Мен өзім әкемнің істегенін жалғастырсам деп армандайтынмын. 1980 жылы Солдатсайға көшіп келдім. Кейбір өспей қалған ағаштарды қайта шығардым ғой. Ағаш күтімі оңай емес.
Түстікбай Шақкөзов, ардагер орманшы:
Оңайлықпен ешқандай жұмыс келмейді. Әр нәрсенің қиындығы болады. Зейнетке шыққаннан кейін екі көзім тауда. Өзің өсірген ағашың балаң сияқты.
Дәулет Шақкөзов, Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің инспекторы:
Өзімді үлкен деп сезінбеймін. Әлі бала сияқты сезінеміз. Әкем өсірген ағаштар сая болып жатыр. Біздің де өсірген ағаштар солай сая болып қалса деймін.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00