Перизат Қайрат ісі: БҚО-дағы қайырымдылық қоры қаржысына қатысты тергеу басталды
Атышулы Перизат Қайраттың қылмыстық ісінде Батыс Қазақстан облысына қатысты бір эпизодтың бар екені анықталды. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары «Ақжайық» жеке қорындағы тасқыннан зардап шеккендерге бөлінген демеушілер қаржысын алаяқтық жолмен жымқырғандарды тергеп жатыр.
Бұл деректер облыстық қылмыспен күрес, құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінде айтылды. Жеке қорлардағы тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған қаражатқа қатысты бірнеше қылмыстық іс тіркелген. Ал танымал ерікті Перизат Қайрат былтырғы су тасқыны кезінде «Біз біргеміз» қорынан Батыс Қазақстан облысына да гуманитарлық көмек жіберген. Әлеуметтік желіде өзінің де өңірге келіп, қайықпен саяжайларды аралаған видеолары тарады.
Дәурен Омарғалиев, облыс прокурорының бірінші орынбасары:
Перизат Қайрат оқиғасының, өкінішке қарай, біздің облысқа да қатысы бар. Сондай-ақ облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Ақжайық» жеке қорындағы демеушілердің қаражатын ұрлау белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Сондықтан қордың қайырымдылық қаражатты мақсатты пайдалануын тексеру қажет деп есептейміз.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00