Қарағанды облысында 30 ауыл жарықсыз қалды
Қарағанды облысының Шет ауданында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Қазір бірнеше елдімекенге электр қуаты мардымсыз беріліп тұр, ал аудан орталығы тіпті жарықсыз қалды. Сол өңірдегі тілшіміз Жандос Бақытұлы бізбен тікелей байланыста. Жандос, қанша ауыл жарықсыз отыр?
Жандос Бақытұлы, тілші:
Қайырлы кеш, Альбина! Қазір 30-ға жуық елдімекен жарыққа жарымай отыр. Тұрғындардың айтуынша, электр энергиясы күніне тек бірнеше сағат қана беріледі. Себебі тасымалдаушы «Шет-Энерго» кәсіпорны энергия беріп отырған «Жезқазған электр тарату желісі компаниясы» ортақ келісімге келе алмай отыр. Оның үстіне ауданды жарықпен қамтамасыз ететін желілер әбден тозған. Жергілікті билік тарапынан осы уақытқа дейін қанша ескерту жасалғанымен нәтиже жоқ дейді. Осы жағдайға байланысты ауданы әкімінің сұқбатын тыңдасақ.
Мұхит Мұхтаров, Шет ауданының әкімі:
Қос кәсіпорын арасындағы келісімшарттың болмауы және электр желілеріне жауапты мекеме ауқымды жөндеу жұмыстарын жасамауы аудан аумағындағы 3000-ға жуық тұрғын үй мен 43 әлеуметтік маңызды нысандарды жарықсыз қалдырып, қауіп тудыруда.
Жандос Бақытұлы, тілші:
Жергілікті билік алдағы уақытта тозған электр желілерін қалыпқа келтірмек ниетте. Оған қанша уақыт кететіні, тиісінше ауыл-аймаққа жарықтың қашан үздіксіз беріле бастайтыны белгісіз.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00