ШҚО-да бруцеллез дертінің ошағы жойылмай тұр
Шығыс Қазақстан облысында былтыр малда болатын бруцеллез бен сібір жарасы сияқты түрлі жұқпалы аурулардың 10 ошағы тіркелді. Дегенмен мамандар бұл індеттер алдыңғы жылмен салыстырғанда бірнеше есе азайғанын айтады. Қазір өңірдегі жалпы эпизоотиялық жағдай тұрақты. Тек Күршім ауданы Теректібұлақ ауылында бес ай бұрын шыққан бруцеллез ауруы әлі тыйылмай тұр. Мамандар жұқпалы кесел тіркелген кезден бастап ол елдімекеннен ет өнімдерін шығаруға шектеу қойған. Қазір мал дәрігерлері осы Теректібұлақ ауылындағы төрт түлікке ем-домды жалғастырып жатыр.
Анар Рахманова, облыстық ветеринария басқармасының бас маманы:
Күршім ауданында іс-шаралар жалғасып жатыр. Өйткені ірі қара малдан 15-20 күн сайын қан алынып Күршім аудандық зертханасына әкелініп тексеріледі. Неге жалғасуда? Өйткені қан серологияларынан оң нәтиже анықталып жатыр. Екі рет теріс нәтиже алғанша ветеринарлық іс шара жалғаса береді.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00