Сырдарияда сең жүріп жатыр
Сырдарияда сең қозғалды. Өзендегі мұздақтар бүгінде Қызылорда қаласы аумағынан ойысып, Жалағаш ауданының тұсына жетті.
Сеңнің қозғалысын су мамандары мен Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері күндіз-түні бақылауға алған. Жалпы Арал теңізіне дейін Сырдария бойында 29 су басу қаупі бар учаске белгіленген. Тасқынның алдын алу бойынша өзенге жақын орналасқан елдімекендерге ескерту беріліп, тұрғындарды қабылдайтын эвакуациялық пункттер әзірленіп қойды. Сондай-ақ иіндерде сең тіресіп, ахуал қиындаған жағдайда арнайы бригада мұзды жару жұмыстарын жүргізеді.
Бейбітхан Спанов, облыстық ТЖД басқарма бастығы:
Әр жерде мұздың қалыңдығы әртүрлі. Жалағаш ауданына дейінгі аумақтарда 10-15 см. Қазалы Арал жағында 30-35 см-ге жуықтайды. Дария арнасы жайылғандықтан мұз кептелуі аз болуы мүмкін. Алайда қорғаныс бөгеттерінен шығып кету кездесуі мүмкін. Соны бақылау үшін түнгі кезекшілік ұйымдастырылып жатыр.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00