Ақтауда жасөспірімдерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Ақтауда мектеп оқушысын тепкінің астына алған 3 жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Енді олардың ата-анасының жауапкершілігі туралы мәселе қаралады. Айта кетейік, Ақтауда мектепке жаңадан келген 9-сынып оқушысын қатарластары ұрып, жасөспірім ауруханаға түсті.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Оқиға мына мектептің жанында болған. Себебі жанжалдасқан жасөпірімдер осы №10 мектептің оқушылары. Сабақтан кейін үйіне бара жатқан жеткіншекті қатарластары жабылып, тепкінің астына алған. Тіпті қолына кастет киіп ұрған. Салдарынан жеткіншектің миы шайқалып, басында қан ұйыған. Қазір ол облыстық балалар ауруханасында ем алып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы бақылауда. Есін біледі.
Назира Біржанова, №10 мектеп директорының міндетін атқарушы:
Біздің мектебімізге Уәлихан деген оқушымыз 19 ақпан күні келген. Ал 24 ақпан күні бұл оқиға болды. Негізі Уәлиханды сыныбы жақсы қарсы алды. Келесі паралель сыныптағы оқушылармен келіспей қалуына байланысты 15-үйдің қасында осындай жағдай болып қалды. Себебін айтпай отыр.
Зардап шеккен жасөспірімнің ата-анасы полицияға шағымданған. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Кәмелетке толмаған күдіктілер анықталып, ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілген. Құқықбұзушылар есепке алынып, ата-аналарының жауапкершілігі туралы мәселе қарлатын болады.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00