Алматыда жас ғалымдар баспаналы болды
Бүгін Алматыда бір топ ғалымға пәтер сертификаттары табысталды. Олардың арасында білім, ғылым, мәдениет және өнеркәсіп сынды түрлі сала тұтқасын ұстап жүрген таңдаулылар бар. Алатаудың баурайынан шаңырақ алып шаттанғандардың қуанышымен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бөлісті. Үйлі болғандардың еңбек өтілі, халықаралық дәрежедегі зерттеу жұмыстарыда ескерілді. Жалпы, мұндай қолдау шарасы Мемлекет басшысы тапсырмасымен қолға алынып отыр. Мақсат - ғалымдардың әлеуметтік мәртебесін көтеру және қолдау көрсету, сондай-ақ ғылымға жас кадрлардың келуін ынталандыру.
Назерке Бердіқұл, жас ғалым:
Қуанышымда шек жоқ. Себебі мен 3 бала тәрбиелеп отырған ана ретінде бұл өте үлкен жетістік және қолдау. Гранттық жобалау, яғни гранттық қаржыландыру бағдарламалары 2 есе, 3 есе ұлғаюда. Оған қатысқан сайын біздің өзіміздің ынталануымыз, соған қатысуға деген мотивация береді.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада реновация аясында жаңа тұрғын үй кешені бой көтерді
27.07.2026, 13:09
Қарағандыда студенттер қағаз басып шығаратын құрылғы құрастырды
27.07.2026, 13:08
Google АҚШ-ТА 32 млн маса ұшырмақ
27.07.2026, 13:07
Екі елде 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 13:06
Ресейде әуе компаниялары дағдарысқа ұшырады
27.07.2026, 13:03
БҚО-да 56 млн теңге жымқырған мердігерлер сотталды
27.07.2026, 13:03
Елімізде электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге қаржы бөлінді
27.07.2026, 13:01
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12