ШҚО-да вакцинадан бас тартатын ата-аналар азаймай тұр
Шығыс Қазақстан облысында жаңа туған нәрестесіне түрлі жұқпалы ауруға қарсы вакцина салдырудан бас тартатын ата-аналар көбейіп барады. Мәселен өңірде 2023 жылы 112 ата-ана вакцина ектіруге қарсы болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 133-ке жетті. Әсіресе Өскемен қаласы тұрғындары арасында қарсылар көп.
Былтыр баласына вакцина салдырудан 59 ата-ана бас тартқан. Ал Глубокое мен Алтай ауданы тұрғындары да екпеге аса құлықты емес. Дегенмен өңірде жаңа туған сәбилерді вакцинациялау деңгейі жоғары. Былтыр туберкулезге қарсы екпемен қамту – 97 пайызға, «В» гепатиті бойынша 96 пайыз орындалған.
Әсем Халықова, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:
Қазір біз вакцинация бағдарламасын тоқтатсақ, мұндай вакцина жоятын аурулар қайтадан өршіп тіркеледі. Жұқпалы аурулардан бала мүгедек болып қалады, тіпті соңы өлімге әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан екпе алу өте маңызды.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00