БҚО-да өзендердегі мұзды кесу басталды
Батыс Қазақстан облысында өзендерде мұз кесу басталды. Бұл көктемде сеңнің кептелмей, тасқын судың еркін өтуіне сеп болады. Мұз кесу Орал тұсындағы Шаған, Деркөл өзендерінде өтіп жатыр. Оған жедел-құтқару жасағының және 20/982 әскери бөлімінің күштері жұмылдырылды. Мұзда шамамен 1 370 тесік бұрғыланады. Ұзындығы 610 метрден астам мұз қабаты кесіледі. Бұл іске мұз кесетін қондырғы, бұрғылау және басқа да арнайы құралдар қолданылады. Мұз кесу өңірдегі тасқын қаупі бар өзге де су айдындарында ұйымдастырылады.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00