Ақтөбеде шахтадағы өрттен 4 адам зардап шекті
Ақтөбе облысында шахтада өрт болып, төрт адам зардап шекті. Оқиға бүгін түс мезгілінде Хромтау ауданында орналасқан «Дөң кен байыту комбинаты» мекемесінде бұрғылау жұмыстары кезінде болған. Оқиғаның мән-жайын осы өңірдегі меншікті тілшіміз Жақсыбек Кемалдан білейік.
Жақсыбек Кемал, тілші:
«Болашақ» шахтасында сутегі тарауы салдарынан жарылыс болған. Өрт сол жарылыстан тұтанған. 4 жұмысшыны күйік шалды. Олардың екеуі қазір ауруханада. Біреуі үйіне жіберілді. Ал 48 жастағы бұрғылау қондырғысы машинисінің жағдайы ауыр. Ауданға облыс орталығынан құтқарушылар мен әскери бөлім қызметкерлері, апаттық медицина орталығының мамандары жіберілді. Оқиға кезінде шахтада болған 228 кенші қауіпсіз жерге шығарылды. Шахтаның жұмысы уақытша тоқтатылды. Қазір ол жердегі сутегі мөлшері өлшеніп жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінде «Жедел желі» іске қосылды. Полиция «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық істі тіркелгенін хабарлады.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00