Түркістан облысында этнос өкілдері қайырымдылық шарасын өткізді
Алғыс айту мерекесінде Түркістан облысының Сайрам ауданында қайырымдылық шарасы өтті. «Қоғамдық келісім» мекемесі аудандық филиалының басшылығы мен этно-мәдени бірлестіктердің мүшелері перзентханаға барып, жаңа босанған көпбалалы анаға сый-сияпат жасады. Төртінші перзентін өмірге әкелген Әйгерім Ыбыраеваға қоларба мен гүл шоқтарын тарту етті. Ауданның ел ағалары нәрстеге жақсы тілектерін айтып, ақ баталарын берді. Бүгін түнде аман-есен босанып, шекесі торсықтай ұлын қолына алған ана мұндай тосынсыйды күтпегенін айтады. Ол жақсылық жасаған барлық жандарға алғысын жеткізді.
Әйгерім Ыбыраева, көпбалалы ана:
Бүгін осындай тосын сый алғаныма өте қуаныштымын, күтпедім әрине. Бұл - менің төртінші перзентім. Барлық перзенттерімді осы жерде босандым. Ақ халатты абзал жандарға мың алғыс! Бүгінгі Алғыс айту мерекесі құтты болсын!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00