Қазақстанда 32 достық үйі бар
Елімізде 32 достық үйі бар. Түрлі этнос өкілдерін бір шаңырақ астында жинайтын бұл нысандар Астана, Алматы, Шымкент қалаларымен барлық облыс орталығында ашылған. Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында аудандық филиалдар да жұмыс істеп тұр. Ең көбі Шығыс Қазақстан облысында екен. Дәл осы өңірде 1992 жылы Қазақстандағы алғашқы Достық үйі ашылған. Облыста 6 аудандық орталық бар.
Нысандар Абай облысында Бородулиха, Жарма және Бесқарағай аудандарында орналасқан. Облыстық, аудандықтан бөлек, 4 қалада, Екібастұз, Риддер, Курчатов, Сәтбаев шаһарларында да жұмыстарын жандандыруда. Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы. Ынтымақ пен бірліктің ұясы. Дінге, тілге бөлінбей, достықты ту етіп, ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту шаңырақтың басты ұстанымы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00