Атырауда пойыз бен жүк көлігі соғылып, 3 адам ауруханаға жеткізілді
Атырауда жүк көлігі мен пойыз соқтығысып, үш адам ауруханаға жеткізілді. Өңірдегі әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт оқиға орнынан тікелей байланысқа шығуға әзір. Нұрсұлтан, мән-жайды баяндасаңыз.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Иә Әлбина, оқиға қала маңындағы Теңдік станциясында болған. Жүк көлігі пойызбен соқтығысып, 12 вагон рельстен шығып кетті. Салдарынан 3 машинист зардап шегіп, ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазір оларға барлық медициналық көмек көрсетілуде. Ал жүк көлігінің жүргізушісі дін аман. Қазір оқиғаның қалай болғаны анықталып жатыр. Жол қатынасы мен рельстерді қалпына келтіруге Қазақстан теміржолынан 80 қызметкер мен 8 техника жұмылдырылды. Осыған байланысты Маңғышлақ-Атырау және Ақтөбе-Атырау жолаушылар пойызы Карабатан станциясында тұралауға мәжбүр. Ал ондағы жолаушыларды теміржол вокзалына дейін жеткізу үшін әкімдіктен 10 автобус бөлінген. Жуық арада барлығы қалаға жеткізіледі. Әзірге бар ақпар осы.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04