СҚО-да былтырғы су тасқыны қайталанбайды
Солтүстік Қазақстан облысында былтырғы су тасқыны қайталанбайды. «Қазгидромет» негізгі болжам нәтижесін жариялады. Биыл жауын-шашын көлемі әдеттегі мөлшерге сай. Дегенмен Сергеев су қоймасынан төмен орналасқан Петропавл қаласының шеткі аудандары мен ауылдарға тасқын қауіп төніп тұр. 116 елдімекен бақылауға алынды. Мамандардың айтуынша биыл өзен-көлдерде мұз жару жұмыстарына баса мән беру шарт.
Наталия Левина, «Қазгидромет» АҚ СҚО филиалы директорының орынбасары:
Қар құрамындағы ылғал мөлшеріне сәйкес, су тасқыны 2014 және 2020 жылдардағыдай болуы тиіс. Сергеев су қоймасы 101 пайызға толып тұр. Бұған дейін аталған нысан Ақмола облысынан келген судың бір бөлігін ұстап қалатын. Биыл ондай мүмкіндік жоқ. Су кедергісіз ағып кету үшін жолында мұз кептелісі сынды кедергі болмауы керек.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00