Орал мен Семейде «Таза Қазақстан» акциясы өткізілді
Оралда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында мектеп оқушыларына арналған экологиялық сабақ өтті. Олар жоғары оқу орнының студенттерімен бірлесіп топқа бөлініп, табиғатты сақтау, қалдықтарды қайта өңдеу бағытында өз жобаларын таныстырды. Бірі қарапайым мата кесінділерін кәдеге жаратуға болатынын дәлелдеді. Ал болашақ биологтар ботаникаға бейім жас шәкірттерге жеміс-жидек, көкөніс қалдықтарын өңдеу арқылы тыңайтқыш жасауды үйретті. Мұндай шаралар жас ұрпақ бойына экологиялық мәдениетті қалыптастыруға сеп болмақ.
Айнұр Әжігереева, М.Өтемісов атындағы БҚУ студенті:
Абай облысындағы «Amanat» партиясының филиалы «Таза бейсенбі» акциясын ұйымдастырды. Бесқарағай ауданы Глуховка ауылының тұрғындарын экологиялық акцияға жұмылдырды. Акцияға қатысқандар Жеңіс саябағына тазалық жүргізді. Ондағы ардагерлер ескерткішінің айналасын тазартты. Осыған дейін көп болып жұмылып, ауыл қардан тазартылып, көктемгі тасқынға дайындық жүргізілген.
Төлеуғали Шаланов, Глуховка ауылының тұрғыны:
«Таза Қазақстан» деген әр адам еңбегін қосуы керек. Әркім өз санасымен барып істесе. Әрбір отбасы үлес қосса, сонда ғана біз таза Қазақстан боламыз. Біз енді мұны жалғастыра береміз. Қар кете күн жылына көшеттер отырғызамыз.
Ардақ Мұратқызы, Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04