Құрылысшы келіншек: абырой сыйлаған адал еңбек
Құрылыс саласы үлкен жауапкершілікті талап етеді, жұмысы да ауыр. Десе де, адал еңбегіммен көптің батасын алдым. Бала күнінен ауыр жұмысты иығына артқан алматылық Ғалия Әбдірахман осылай дейді. Құрылысшы келіншек үйдің кірпішін қалап, шатырын жауып, ішкі жұмыстарын да істейді. Жеті бала өсіріп, тәрбиелеген ол қазір ұл-қыздарының қызығын көріп, немере сүйіп отыр.
Ғалия Әбдірахман, құрылысшы:
Үйді қабылдап алған кезде кірпішімен тұрады. Оның ішіне бөлме қабырғаларын жинаймыз. Жобасын сызып береміз. Кейде қабырғалар қисық болады. Соның бәріне белгі қойып, түзулеп жасаймыз.Мені осы құрылыс саласына әпкем үйретті. Біз электромонтажын да өткіземіз. Әпкем өткізеді көбінесе. Бір үйге қаншама кабель кетеді. 1 төбенің өзінде 50 шақтысы жүреді. Соның барлығын өткізеді.Біз үй салған кезде баламыз кішкентай, еркек азаматымыз болмады. Содан өзіміз іргетас қойдық. Еденін құйып, кірпішін қаладық.Жұмысымды істеп келіп, балаларымның тамағына да үлгерем. Оқудан келгенін қадағалаймын. Келін түсірдім, немерем бар менің. 7 баламның да тәрбиесіне қарадым.
Ғалия Әбдірахман, құрылысшы:
Әйел адам қай жасқа қарамай, нәзік болуы керек. Мен өзім әдемі қартайғанды жақсы көремін. Көңілің тоқ болып жүру керек. Барлығын сүйіп білу керек.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00