Қостанай облысында 101 елдімекенді су басуы мүмкін
Қостанай облысында 101 елдімекенді су басуы мүмкін. Қауіптің алдын алу мақсатында тиісті шаралар қабылданып жатыр. Қарасу ауданына Семей қаласынан әскери қызметкерлер көмекке келді. Әскерилер қапқа құм толтырып, қорғаныс бөгет жасап жатыр. Ал Арқалық қаласы мен Амангелді, Жангелді аудандарына жағдайды бақылап, дер кезінде көмек беру үшін құтқарушылар мен арнайы техника жіберілді.
Өміржан Тұқышев, Қостанай облысының ТЖД бастығының орынбасары:
Торғай өңіріндегі жағдай жеке бақылауда. 7 наурыз күні Қостанай қаласынан ТЖД-сынан 28 техника, жеке құрамнан 77 адамнан тұратын үш топ құрылып, жіберілді. Қазіргі таңда осы топтар су өткізу құрылыстарын, арналарды, әлеуметтік осал топтардың ауласын қар мен мұздан тазартуға көмектеседі.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00