Алименттен жалтарған 139 адам сотталды
Алименттен жалтарған 139 азамат сотталды. Одан бөлек 4,5 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Былтырғы жылдың көрсеткіштерін Әділет министрлігі жариялады. Біршама борышкердің банк шоты бұғатталып, елден шығуға тыйым салынған. Материалдық жағдайы бола тұра, міндетін орындамаған кей ата-анадан қымбат маркалы көліктер мен пәтерлер тәркіленіп, қарызы жабылды. Қазіргі таңда 283 мың атқарушылық іс бар. 270 мыңнан астам әке өз балаларын асырау міндетін орындамай жүрсе, 11 мыңға жуық ана берешегін өтеуден қашып жүр. Ведомство дерегінше, жылдар бойы алимент төлемеген 16 мыңнан астам борышкердің қарызы 16 млрд теңгеден асып кеткен.
Талғат Уәли, ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі:
2024 жылы 6 мыңнан астам адам жұмысқа орналастыырллды. Биыл да осы межені төмендетпей, атқарушы өкілдермен борышкерлерді жұмысқа орналастыру қызметін жалғастырамыз. Өз міндетін орындамағаны үшін борышкерлер әкімшілік және қылмыстыұ жауапкершілікке тартылады.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00