Маңғыстау облысында жер асты суы көтеріліп, тұрғын үйлерге су кірді
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында жер асты суы көтеріліп кетті. Салдарынан Атамекен ауылында бірнеше үйдің ішіне су кірген. Тұрғындар су сору жұмыстары баяу жүріп жатқанына наразы. Аягөз Оралбайқызы ауылдағы жағдайды көзбен көріп келді.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Жер асты суы мына үйге дейін кірген. Тұрғын 4-5 күннен бері оны шелектеп тасып әлек. Салдарынан үйдің іші ылғал тартып, қабырғалары үгітіле бастапты. Ал ауласындағы су қанша шығарылса да, жинала береді.
Жұмағали Қонысов, ауыл тұрғыны:
Көршілердің бәрі осындай қылып жауып тастады, мына жерді басып, көтеріп. Сосын ортада мен қалып қойдым. Су маған келіп жиналатын болыпты. Енді акимяттан сұрайтыным бір машин екі машин алып тұрса суды?
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Атамекен ауылында 43 мың халық тұрады. Мұнда жер асты суы мәселесі әуелден өзекті. Оның үстіне қар еріп, 13 тұрғын үйдің ауласына су жиналған. Тағы 7 үйдің ішіне дейін кірген. Коммуналдық қызмет оның алтауын судан тазартқандарын айтады.
Марал Аманиязова, ауыл тұрғыны:
3 көлік тартады күніге, бір екі сағаттан кейін қайтадан дәл осындай жағдай болады. Жаңбыр, қар болса, көктем болса, бізде осындай мәселе. Тек қана дренаж керек, мына суды тартып отырған кезінде болған. Дренаж жоқ.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Әкімдіктегілердің айтуынша, бұл ауылда жер асты суын сыртқа шығаратын 14 дренаж жүйесі жұмыс істейді. 4-5 күннен бері 11 мың текше метр су шығарылған. Бірақ бұл мәселені түбегейлі шешпей тұр.
Нұрхан Мұстафаев, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары:
Бірінші кезеңмен осы жер асты суы шығатын Көктем, Болашақ, Шағала тұрғын үй массивтеріне кәріз желісін тартамыз. Кәріз желісі дренаждық жүйесімен бірге жобалық сметалық құжаты жасақталған. Сәуір айының соңына дейін толық қолымызға аламыз. Одан кейін қаражат бөлуге бюджеттік өтінім береміз.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, аймақта елдімекендерді су басу қаупі жоқ. Тек Мұнайлы, Жаңаөзен мен Бейнеу аудандарында осындай жер асты суы мәселесі бар. Оларды зерттеп, тоқтатудың жолын табу үшін, 40 млн теңге қаражат бөлінген.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16